ШҚО-ДА БОС ЖАТҚАН 760 ГЕКТАР ЖЕР АНЫҚТАЛДЫ

ШҚО-ДА БОС ЖАТҚАН 760 ГЕКТАР ЖЕР АНЫҚТАЛДЫ

Шығыс Қазақстан облысында ғарыштық мониторинг арқылы бос жатқан 760 гектар жеранықталды. Ал осыншама алқап игерусіз жатқан кезде фермерлер жерге мұқтаж.

Егінегуге және жайылымға жалпы 40 мың гектар жер жетпейді. Әсіресе Күршім, Самар, Ұлан аудандары мен Өскеменнің шетінен ұлтарақтай жер табу қиын. Сондықтан салалық басқарма өкілдері бос жатқан учаскелердің иесін іздеп жатыр. Биыл мемлекет басшысы Үкімет алдына да үлкен міндет жүктеген болатын. Сөйтіп, тиісті мақсатта қолданылмай жатқан 5 миллион гектар жерді мемлекетке қайтару туралы тапсырма берген еді.

Өзекті жаңалықтарды біздің сайтымыздан оқи отырып, Malbazar телеграм-арнамызда пікірлеріңізбен бөлісіңіздер