ИРАКТЫҢ 40 ПРОЦЕНТІ ШӨЛГЕ АЙНАЛАДЫ

ИРАКТЫҢ 40 ПРОЦЕНТІ ШӨЛГЕ АЙНАЛАДЫ

Әлем жаңалықтарынан.

Ғаламдық жылыну адамзат үшін басты қауіпке айналды. Климатөзгерген сайын тіршілік үшін қатер күшейді. Ирактың көп бөлігі шөлге айналуымүмкін. Жерорта теңізінің суы да жылып барады. Енді оның пайдасынан зардабыасқалы тұр. Табиғаттың адамзатқа әсерімен оған қарсы күрес туралы«Шартарап» айдарында Ернат Мелсұлы айтып берсін.

Иракта соңғы 30 жылда жауын-шашын көлемі 30 пайызға азайды. Бұлтуралы еуропалық ғалымдар айтты. Ал араб елінің президенті Абдул Латиф Рашидөткен аптада Мысырда өткен ғаламдық конференцияда «Ирак аумағының 40 пайызы көп ұзамай шөлге айналады» деп мәлімдеді. Мұның себебі көп.

Мәселен, Түркиядан бастау алатын Ефрат пен Тигр өзендерінің суы азайған. БіріккенҰлттар Ұйымының мәліметі бойынша, Ирак ғаламдық жылынудың зардабын ең қаттытартатын әлемдегі 5 елдің қатарында.

«Су тапшылығы әлеуметтік мәселелер тудырып отыр. Тіптікөршілес аймақтардың тұрғындары бір жұтым су үшін бір-бірімен қырқысып әлек.Сондықтан барлық жағынан қауіп-қатер зор», — дейді Абдель Уахад Аль-Ясри,Мутанна аймағы ауыл шаруашылығы және су басқармасының басшысы. Жерортатеңізінің де суы жылып барады. Мамандар Тунистің 2 жарым миллион шаршы шақырымаумағы климат өзгерісінен зардап шегеді деп қауіптенеді. Соңғы1 ғасырға жуықуақыт ішінде мұхиттан ескенлеп 54 пайызға жылыған.

Теңіздің жылылығы әдеттегіден 11 градусқа көтерілген. Осыныңкесірінен тіпті Франциямен Испанияда теңіз жұлдыздары, балық пен ұлу көп өлебастаған. «Климат өзгерісі Жерорта теңізіне тән емес тіршілік иелерін көптепкелтіріп жатыр. Олар мұнда Атлант және Үнді мұхиттарынан, Қызылтеңізден келуде.Олардың көбі жыртқыш. Жерорта теңізінің байырғы жануарларымен жәндіктерінжұтып, жойып жатыр. Осы теріс үрдіс экологиялық тепе-теңдікті бұзуда», — ХамдиХачед, климат жөніндегі сарапшы-инженер.

Өзекті жаңалықтарды біздің сайтымыздан оқи отырып, Malbazar телеграм-арнамызда пікірлеріңізбен бөлісіңіздер