ЖОҒАЛҒАН 13 ЖЫЛҚЫ АУЫЛ ТҰРҒЫНЫНА ҚАЙТАРЫЛДЫ

ЖОҒАЛҒАН 13 ЖЫЛҚЫ АУЫЛ ТҰРҒЫНЫНА ҚАЙТАРЫЛДЫ

Түркістан облысының полицейлері жоғалған 13 жылқыны ауыл тұрғынына қайтарып берді, деп хабарлайды Polisia.kz.

Жетісай полиция бөлімшесіне жергілікті тұрғынжүгінді. Оның айтуынша, Жемісті ауылының маңындағы даладан 13 жылқы жоғалып кеткен. Шығын шамамен 9 млн теңгені құрады. Полицейлер бұл фактіні ҚР ҚК-нің 188-1-бабы "Мал ұрлығы" бойынша тіркеп, жоғалған жылқыларды іздеуге кірісті. Тәртіп сақшылары мал иесімен бірге екі қызметтік автокөлікпен жақын маңдағы барлық аудандарды, таулар мен аңғарларды аралады. Үш тәулік бойы үзіліссіз жүргізілген жұмыстың нәтижесінде тәртіп сақшылары 25 км қашықтықта егістікте жоғалған табынды тапты.

Ауыл тұрғыны полиция қызметкерлеріне шын жүректен ризашылығын білдірді.

Өзекті жаңалықтарды біздің сайтымыздан оқи отырып, Malbazar телеграм-арнамызда пікірлеріңізбен бөлісіңіздер