ӨСКЕМЕНДІК 11 ЖАСАР ШАБАНДОЗ АТ ҚҰЛАҒЫНДА ОЙНАЙДЫ

ӨСКЕМЕНДІК 11 ЖАСАР ШАБАНДОЗ АТ ҚҰЛАҒЫНДА ОЙНАЙДЫ

Өскемендік Жәнел Сәуменова 11 жасар шабандоз. Алты жасынан ат спортымен айналысқан ол бүгін де талай аламан бәйгеде бақ сынап жүр. Ат құлағында ойнайтын шабандоз түрлі трюктер жасайды.

Жәнелге атқа мінуді анасы Александра Ден үйреткен екен. Анасы — ат клубының жетекшісі.

«Алты жасымнан бастап, ат спортымен айналыстым. Бұрын мен гимнастикамен шұғылданғанмын. Кейін ата-анам маған туғанкүнімде жылқы сыйлады. Бір күні анам меннен «ат спортымен айналысыпкөресің бе?» деп сұрады. Мен ойланбастан «иә» деп жауап бердім. Себебі ат спорты маған бала күнімнен қатты ұнайтын», — дейді Жәнел Сәуменова.

Шабандоз алғашында екі айналымдық қысқа шақырымдық бәйгеге қатысса, кейін аламанға шапқан.

Жәнелдің мақсаты – атспортымен Америкада өнер көрсету. Бүгінде ол арманына жету үшін тынбай жаттығуда.

Өзекті жаңалықтарды біздің сайтымыздан оқи отырып, Malbazar телеграм-арнамызда пікірлеріңізбен бөлісіңіздер