ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ФЕРМЕРЛЕРІ 10 ТОННА ЛИМОН ЖИНАМАҚ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ФЕРМЕРЛЕРІ 10 ТОННА ЛИМОН ЖИНАМАҚ

Биыл Түркістан облысы Сайрам ауданының фермерлері 10 тонна лимон алуды жоспарлап отыр. Олар бес жыл бойы көкөністерді ғана емес, цитрус жемістерін де өсіріп келеді.

Қарасу ауылдық округінде лимон өсіретін «Асылжан и К» серіктестігі осы жылы алғашқы өнім алуды жоспарлап отыр. 5 жыл ішіндегі еңбек нәтижесі — 10 тонна цитрустар.

Ташкент сортының 300 ағашы дәрумендер мен тыңайтқыштармен уақтылы қоректенеді. Цитрустық жемістер зиянкестер мен түрлі ауруларға қарсы емдеудің арқасында пісіпкеледі.

«Бізде керемет агроном бар. Ол бізді қалай күтім жасау керектігін, қанша суару керектігін, қолайлы температураны ұстап тұруды үйретеді. Бұл өте маңызды. Егер аяз болса, лимон үсіп кетуі мүмкін. Қазір Қазақстанда цитрус жемістерін өсіруді үйренді. Бізге көшеттер үшінкеледі, Түркістан облысының шаруашылықтарымен тәжірибемізбен бөлісеміз», — дейді Немат Абдуллаев, Сайрам ауданының тұрғыны.

Жылы жай құны 115 миллион теңге. Қазан-қараша айларында Сайрам шаруалары цитрустық жемістердің бұрын — соңды болмаған өнімін — 10 тонна лимон күтуде.

Лимоннан басқа, ауыл тұрғындары анар мен банан өсіреді.

Өзекті жаңалықтарды біздің сайтымыздан оқи отырып, Malbazar телеграм-арнамызда пікірлеріңізбен бөлісіңіздер