-
- А
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Б
- Батыс Қазақстан облысы
-
- Ж
- Жамбыл облысы
- Қ
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- М
- Маңғыстау облысы
-
- П
- Павлодар облысы
- С
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Т
- Түркістан облысы
- Ш
- Шығыс Қазақстан облысы
Санатты таңдаңыз
994 хабарландырулар - барлық хабарландыруларды қарау »ҚАНША ЖАЙЫЛЫМДЫҚ ЖЕР ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНЫҢ МАЛ ӨСІРУШІЛЕРІНЕ ЖЕТІСПЕЙДІ
Жамбыл облысында ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді пайдалану тиімділігіне кезең-кезеңімен талдау жүргізілді, әрбір ауылдық округ бойынша ауыл шаруашылығы жерлерінің картасы әзірленді, жер заңнамасының нормаларын сақтау бойынша әдістемелік ұсынымдар дайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Прокуратура органдарымен бірлескен зерттеулердің нәтижесінде ауылдық округтер бойынша 683 мың гектар жайылымның тапшылығы анықталды.
Мәселені шешу үшін аудан әкімдеріне бес негізгі бағыт бойынша шаралар қабылдау тапсырылды. Біріншіден, елді мекендерден тыс орналасқан босалқы жерлер ауылдық округтерге бекітілуі керек. Екіншіден, ауылдардан бес шақырым радиуста орналасқан жайылымдық жерлерді мемлекеттік меншікке қайтару туралы шешім қабылданды. Бұл жерлер де ауылдық округтерге бекітілетін болады. Үшіншіден, орман қоры жерлеріндегі жайылымдарды пайдалану мәселелері қаралады. Төртіншіден, жер пайдаланушылармен меморандумға қол қойылады, оған сәйкес олар мал жаюға кедергі жасамауға міндеттенеді. Соңында, бесіншіден, пайдаланылмаған ауыл шаруашылығы жерлерін айналымға қайтару қажет.
Өңір басшысы Нұржан Нұржігітов пайдаланылмаған ауылшаруашылығы жерлерін қайтару жөніндегі жұмысты сынға алып, нақты нәтижелердің жоқтығын, талдаудың дұрыс жүргізілмегендігін, осы уақытқа дейін орталық атқарушы органдармен өзара іс-қимыл жолға қойылмағанын атап өтті.
«Нақты нәтижелер жоқ», — деді аймақ басшысы. — Егер Сіздердің әрқайсыларыңыз оны ұйымдастыруға жауапкершілікпен қарайтын болсаңыз, бұл жұмыстың барлығын екі жыл ішінде жүргізуге болар еді. Пайдаланылмаған жайылымдардың бар-жоғын тағы бір рет талдау қажет. Осыған байланысты көптеген деректер сәйкес келмейді. Жұмысқа деген көзқарастардыөзгерту уақыты келді".
Өзекті жаңалықтарды біздің сайтымыздан оқи отырып, Malbazar телеграм-арнамызда пікірлеріңізбен бөлісіңіздер