ҚЫТАЙДАҒЫ КӨРМЕДЕ ҚАЗАҚСТАННЫҢ АӨК ӨНІМДЕРІ ҰСЫНЫЛҒАН

Қазақстанның 20-дан астам компаниясы Шанхайда 5-10 қараша аралығында өтетін V Қытай халықаралық импорттық тауарлар көрмесіне (CIIE) қатысады.


Көрме бюросының мәліметінше, қазақстанндық компаниялар экспозициясының жалпы ауданышамамен 300 шаршы метрді құрайды. Негізінен агроөнеркәсіптік кешен өнімдері ұсынылатын болады.


2021 жылдың қорытындысы бойынша ҚР мен ҚХР арасындағы жалпы өзара тауар айналымы шеңберінде АӨК өнімдерінің сауда көлемі $755 млн құрады, ал ағымдағы жылдың сегіз айында – $600 млн. Қазақстанның 1100-ден астам кәсіпорны өз өнімдерін Қытайға экспорттауға құқылы.


Өзекті жаңалықтарды біздің сайтымыздан оқи отырып, Malbazar телеграм-арнамызда пікірлеріңізбен бөлісіңіздер

Артқа оралу Келесі жазба