ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫНДАҒЫ ҮЙ ЖАНУАРЛАРЫНЫҢ ӨЛІМІНЕ КІМ КІНӘЛІ?

Жетісу облысындағы Ақсу ауданы Қызылағаш ауылы бөгетінің маңайында малдардың ондаған қаңқалары табылды. Алдын ала болжам бойынша, жазғы жайылымға апарған кезде жануарлар батып кеткен.

Тұрғындардың айтуынша, өлі мал біраз уақыт жатқан сияқты, олар судан улануы да мүмкін, деп отыр халық.

Ал оқиға орнына аудан әкімдігінен келген мамандар жағалаудан және су айдынынан 60 бас өлген үй малы табылғанын атты.

«Бұл жұма немесе сенбіде болды. Жалпы 43 қой, 8 ешкі және 9 жас мал қырылды. Су айдыны тазартылып, жануарлардың қалдықтары шығарылды. Қазір табын иесін анықтап жатырмыз», — деді Ақсу ауданы әкімінің баспасөз хатшысы Мағжан Шыңғәулет.

Ал сіздер не ойлайсыздар, мал шынымен де батып өлген бе? Шөп десе шөп бар, су десе су да жанында. Осыншама малдың қаралуына не себеп болған?

Пікірлеріңізді біздің телеграмдағы чатымызға жазыңыздар.

Назад Следующая запись