ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫНДА ИНВЕСТОР МАЛДЫ АШТЫҚҚА ҰШЫРАТЫП ОТЫР. БҰҒАН АШМ-нің ЖАУАБЫ ҚАНДАЙ?

Әлеуметтік желілерде Жетісу облысының Қызылағаш ауылында «Агрохолдинг Ақсу» компаниясының фермерлік шаруашылығында мал аштықтан құлдырау жағдайына жеткізілгені, ал шаруашылық қызметкерлері 3 ай бойы жалақысыз қалғаны туралы видео тарады.

Ауыл шаруашылығы министрлігінде халық тарапынан көтерілген толқудан кейін ғана жағдайға жауап берді.

Компанияның 36 млн теңге көлемінде қарызы бар екені белгілі болды, сондықтан еңбекақы төленбей, жем-шөп сатып алынбады.

«Бүгінгі күні «Агрохолдинг Ақсу» компаниясының 36 млн теңге салық берешегі бар. Алматы облысының Мемлекеттік кірістер департаменті 2022 жылғы 13 маусымда серіктестіктің банктік шоттары бойынша барлық шығыс операцияларын тоқтатты. Осыған байланысты компания өзжұмысшыларының жалақысын уақытында төлемеді және қажетті жем-шөп сатып ала алмады. Алайда, қазіргі уақытта компанияның банктік шоттарындағы бұғаталынды. Жалпы сомасы 10 млн теңгеге 80 жұмысшының маусым және шілде айларындағы жалақысы бойынша берешегі өтелді. Тамыз айының жалақысын осы жылдың 10 қыркүйегіне дейін төлеу жоспарланып отыр. Сондай-ақ, мал азығына 50 тонна бидай мен арпа сатып алынып жатыр», — деп хабарлайды министрлік.

Неліктен мемлекеттік органдар қоғам назар аударғаннан кейін ғана әрекет етеді?

Өз пікіріңізді MalBazar телеграм-арнасында жаза аласыздар.

Назад Следующая запись