ЖАУЫН СОҢЫ СЕЛГЕ ҰЛАСТЫ

Былтыр бір тамшы тамбай, даласы қуарып, түлігі тулаққа айналған Маңғыстау өңірінде кешеден бері үздік-создық жауын басталды.


Оқырмандарымыздың жіберген бейнежазбасынан тасжолдардың іргесін селдің сөгіп өткенін байқауға болады. Сондай-ақ нақты қай жер екені белгісіз, анығы Маңғыстаудағы елді мекен бірінің ішін топан су басқан.

Оқырмандарымыздың айтуынша, биыл алқаптардағы мал отығатын көктің жайы мәз емес. Ал төпелеген нөсер өскіндерді шайып кетіп жатыр. Гидрометеорологиялық қызметтің мәліметіне қарағанда, Маңғыстаудағы жауын-шашын келесі аптаға ұласады.

Артқа оралу Келесі жазба