ВЕТЕРИНАРИЯ САЛАСЫНЫҢ САПАСЫНА КҮМӘН КӨП

Жуырда ғана Ақмола облысында екі жарым мың бас ірі қараның белгісіз вирус жұқтырғанын жазған едік. Өңірдің ветеринария қызметі тиісті сынамалар алып, бұл вирустың аусыл емес екені жайында жарияға жар салған болатын. Бірақ ведомствоның бұл ақпаратын 32 жылдық тәжірибесі бар мал дәрігері жоққа шығарып отыр.

Қоғам белсендісі Алмасбек Садырбаев білікті ветеринардан сұхбат алып, оны өзінің жеке арнасында жариялады. Маманның айтуынша, ірі қараға жабысқан дерттің белгілеріне қарай аусыл (ящур) екеніне дау жоқ. Ал оны анықтай алмаған облыстық Ветеринария басқармасының зертханасында қауіпті вирусты көрсетіп беретін реагенттердің барына күмәнім бар, — дейді білікті мал дәрігері.

Сұхбаттың толық нұсқасын сілтеме арқылы көре аласыздар.

www.youtube.com/watch?v=wXIxM6-_rlA

Артқа оралу Келесі жазба