ҚАЗАҚСТАН ҚАЙ ЕЛДЕРДІҢ МАЛ ӨНІМДЕРІНЕ ШЕКТЕУ ҚОЙДЫ?

Қазақстанның ветеринарлық бақылау және қадағалау комитеті құс тұмауының, мал шешегі мен обаның өршуіне байланысты бірнеше елден өнім әкелуге уақытша шектеу енгізді, деп хабарлайды Malbazar.kz

Ақпаратқа сәйкес, 29 сәуірден бастап Францияның Ланд және Па-де-Кале департаменттерінің әкімшілік аудандарынан, Британдық Колумбия, Саскачеван және Квебек Канада аумағынан, Монтана, Колорадо, Мичиган, Пенсильвания және Айдахо штаттарынан Қазақстанға құс тұмауына бейім жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты әкелуге уақытша шектеулер енгізілді.

Қой мен ешкі шешегінің эпидемиясына байланысты Қазақстанда 29 сәуірден бастап Моңғолияның Хэнтий, Дорнод және Сухэ-Батор қалаларынан әкелуге уақытша шектеулер енгізіледі.

Сондай-ақ, оба індетіне байланысты Данговтың, Туваның және Моңғолия аумақтарынан ұсақ жануарларды әкелуге уақытша шектеулер енгізілді.

Артқа оралу Келесі жазба