Утиль алымның мөлшері қашан анықталады?

Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев утиль алымы бойынша мөлшерлемелер қашан анықталатынын айтты, деп хабарлайды Egemen Qazaqstan.

– Қазіргі уақытта кабель-өткізгіш өніміне кәдеге жаратуалымын алуды 2023 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтата тұру туралы шешім қабылданды. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігімен бірлесіп мөлшерлемелерді қайта қарау бойынша жұмысты осы айдың соңына дейін аяқтаймыз, – деді министр.

Ведомство басшысы кәдеге жарату алымын әкімшілендіру және тиісті қаражатқа иелік ету функциялары «Жасыл Даму» компаниясына берілгенін еске салды.

«Жасыл Даму» тауар қалдықтарын кешенді басқарудың бірыңғай жүйесін құруға және сол қалдықтарды қайталама шикізат ретінде айналымға тартуға, қоқыс өңдеу саласының инфрақұрылымдық дамуымен айналысатын ұйым.

Айта кетейік, 8 ақпанда Үкіметтің кеңейтілген отырысында Премьер-министр Әлихан Смайылов автокөлік пен ауылшаруашылығы техникасынан кәдеге жарату алымының мөлшерлемесі айтарлықтай төмендейтінін хабарлады.

Назад Следующая запись