ТҮРКІСТАНДАҒЫ МАЛ ЕНДІ ҚЫРЫЛА МА?

Түркістан облысында биологиялық қауіпсіздік қатері төніп тұр

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы 2 мыңнан астам мал дәрігерін жалақысы сақталмайтын демалысқа жіберіп, екі айға табыс көзінен айырмақшы. «Эпзоотияға қарсы іс-шаралар жүргізу» бағдарламасына бөлінген 2 млрд теңгенің жыл соңына дейін жетпейтіндігін айтып мамандарды таратуда.

Мал дәрігері Сұлтанбек Жалғасов алдағы күнкөрістің не болатынын білмей отыр.

«Алатын айлығымыз онсыз да аз. 80 мың теңге ғана. Кредиттеріміз бар, бала-шаға. Енді оларды қалай асыраймыз», — деп қынжылып отыр.

Мал жағдайы да мәз емес болайын деп тұр. Мамандардың айтуынша, малды әртүрлі инфекциялық аурулардан қорғайтын вакциналар да таусылып қалды. Яғни шілде, тамыз айларында мал мүлдем қорғансыз қалмақ. Дезинфекция шаралары да жүргізілмейді. Салдарынан мал қырылып, жағдай қиындай түспек.

Ал, шенеуніктер тек хат алмасуды жалғастыруда. Адам мен мал жағдайына қол қусыра қарап отыр. Айтты не, айтпады не… Биологиялық қауіпсіздік туралы не біледі олар?

Пікірлеріңізді MalBazar телеграм-арнамызға жаза отырыңыздар

Назад Следующая запись