ТРАКТОР САУДАСЫНДА ПАРА БЕРУГЕ ҮГІТТЕГЕН

«Инвестициялартарту және экспортты дамыту жөніндегі өңірлік агенттігі» Басқарма төрағасыныңорынбасары ауыл шаруашылығы техникасы саудасында қалтасын қампайтпақ болған.


Сыбайлас жемқорлықпенкүрес агенттігінің хабарлауынша, айыпталушы А.Ержанов «КомпозитГрупп Казахстан» ЖШС басшылары С. Конусов пен А. Гомаюмовты алдап соғып, 2 млнтеңгені иемденген. Онымен шектелмей, алданған екеуін Түркістан облысыәкімдігінің лауазымды тұлғаларына пара беруге итермелеген. Сол арқылысеріктестіктің басшыларына: «Тракторларды жеткізу бойынша Мемлекеттік сатыпалулар конкурсының жеңімпазы болып шығасыңдар», — деп кепілдік берген.


Бұл іске қатыстыТүркістан қалалық соты үкімімен А.Ержанов 3 жыл 6 айға сотталды. Үкім заңдыкүшіне енген жоқ.

Артқа оралу Келесі жазба