ТОҚАЕВ ЖАҢА ЖОЛДАУДА АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ТУРАЛЫ НЕ АЙТТЫ

Бүгін ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына кезекті Жолдауын жариялады, онда елдің ауыл шаруашылығын дамыту мәселелері де айтылды. Біз осы тақырып бойынша негізгі дәйексөздерді келтіріп отырмыз:

"Қазіртек бидай мен мал сатып отыратын заман емес"

"Өндіріс көлемін ұлғайту және отандық ауыл шаруашылығы өнімінің қосылған құнын арттыру стратегиялық міндетін шешу қажет"

"Үкімет саланы субсидиялаудың жаңа ұзақ мерзімді тәсілдерін әзірлеуі тиіс. Бюджет қаражатының қайтарымы болуы керек"

«Мемлекет қаржыны оңды-солды шашып, ысырап етуге жол бермейді. Субсидия бөлуге және оның жұмсалуына жүргізілетін бақылауды күшейту керек»

“Ауылдық кооперация тәжірибесін өңірлердің ерекшелігін ескере отырып, бүкіл ел бойынша кезең-кезеңімен кеңейту қажет"

«Келесі жылдан бастап еліміздің агроөнеркәсіптік кешені жаңа және тұрақты ережелер бойынша табыс табуға тиіс»


"Үкіметпен әкімдер 2023 жылдың соңына дейін пайдаланылмайтын немесе заңнаманы бұза отырып берілген жерлерге нақты шешімдер қабылдауға тиіс"

«Сарапшыларды тарта отырып, Үкімет жанындағы Су кеңесінің жұмысын жандандыру қажет»

Осы бағыттар бойынша пікірлеріңізді MalBazar телеграм-арнамызға жазыңыздар.

Назад Следующая запись