ТОҚАЕВ: ҚАЗІР ТЕК БИДАЙ МЕН МАЛ САТЫП ОТЫРАТЫН ЗАМАН ЕМЕС

Үкімет агроөнеркәсіп саласын субсидиялаудың ұзақ мерзімге арналған жаңа тәсілдерін әзірлеуге тиіс. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында атап өтті.

«Еліміздің ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемін және оның қосымша құнын арттыру қажет. Бұл – стратегиялық міндет. Қазір тек бидай мен мал сатыпотыратын заман емес. Бюджет қаражатының қайтарымы болуы керек. Мемлекет қаржыны оңды-солды шашып, ысырап етуге жол бермейді. Субсидия бөлуге және оның жұмсалуына жүргізілетін бақылауды күшейту керек», — деді ол.

Президент елде ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемін және оның қосымша құнын арттыру қажет екендігін айтып, игерілмей жатқан жерді қайтарып алу жөніндегі комиссияның қызметіне жеке тоқталды.

«Жылдың соңына дейін кемінде 5 миллион гектар жерді қайтарып алу жоспарланып отыр. Игерілмей жатқан немесе заңсыз берілген жер көлемі 10 миллион гектарға жуықтайды. Үкімет пен әкімдіктер келесі жылдың соңына дейін осы жерлерге қатысты нақты шешім қабылдауға тиіс. Қазір жер мәселесін тексеруге жарияланған мораторий де күшін жойды. Бұл қадам жұмысқа оң ықпалын тигізеді деп ойлаймын», — деді Президент.

Алып қосарыңыз болса, MalBazar телеграм-арнасына жазыңыздар.

Назад Следующая запись