-
- А
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Б
- Батыс Қазақстан облысы
-
- Ж
- Жамбыл облысы
- Қ
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- М
- Маңғыстау облысы
-
- П
- Павлодар облысы
- С
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Т
- Түркістан облысы
- Ш
- Шығыс Қазақстан облысы
Санатты таңдаңыз
2 422 хабарландырулар - барлық хабарландыруларды қарау »КОСМОМОНИТОРИНГ ШАРУАНЫ ЖЕРІНЕН АЙЫРА ЖАЗДАДЫ
Шайдулинге 22 жыл бұрын егістік және жайылымдық жер 49 жылға жалға берілген. Былтыр Юрий жергілікті атқарушы органдардан келісім-шарттың біржақты бұзылғаны туралы құжат алған. Билік өкілдерінің айтуынша, шаруа жерді қисынсыз пайдаланады. Биліктің басты дәлелі – ғарыштық мониторингтың нәтижесі. Шаруаның айтуынша, егістік алқабына жер мамандары бірде-бір рет барып көрмеген. Егіс алқаптарын қандай жолмен болса да тартып алмақ болған. Бірінші сатылы сотта кәсіпкер жеңіліп қалған. Бірақ аппеляцияға жүгінген ол Қарағанды облысы кәсіпкерлер палатасы заңгерлерінің көмегіне жүгінеді.
«Космомониторинг келісім-шартты бұзу құқығын беретін құжат емес. Бұл игерілмей жатқан жерлерді табу фактісі ғана. Бірақ бұл фактілерді әкімдік қызметкерлері дәлелдеуі керек, егістікке барып, жеке өздері қатысулары қажет. Олар шаруалардың мұң-мұқтажын, не істеп жатқанын, не қажет екенін білуі керек. Ал фотосуреттерге негізделген айыптаулар дәлел емес. Олар түсінбеді, сотқа дейінгі іс жүргізілген жоқ», — дейді фермер Юрий Шайдулин.
Қарағанды облысы кәсіпкерлер палатасының басқарма басшысы Азамат Дәненбаевтың айтуынша, өңірде мемлекеттік органдардың келісім-шартты бұзу немесе жерді қайтарып алу туралы негізсіз талап-арыз берген жайттар көп. Бұл ауыл шаруашылығында космомониторингтің нәтижесі әрдайым сенімді бола бермейтініне бұлтартпас дәлел. Облыстық сот алқасы апелляциялық шағымды қарап, Шайдуллиннің пайдасына шешім шығарды.