Қостанай облысында тері өңдейтін мекемелер желісі іске қосылады

Арқалық қаласында тері мен былғары дайындайтын жаңа өндіріс орындары ашылады деп хабарлайды «Malbazar.kz»

Арқалықта 10 жыл жұмыс істемей тұрған былғары өңдеу мекемесіқайта іске қосылды. 53 адамды жаңа жұмыс орнымен қамтып отырған мекеме жұмысыжақсы жүріп жатыр. Ресей мен Өзбекстан еліндегі әріптестермен тері тауарларыналдыру жөнінде келісім шарттарға қол қойылды.

Аталған өндіріс аясында тері өңдеу мен арнайы киім тігугеарналған кішігірім мекемелер іске қосылмақ. Жоба жақсы жүзеге асып жатса,Қостанай облысының тағы 3 ауданында осындай мекеме ашу жоспарланып отыр.

Сонымен қатар, Арқалық қаласында былғары аяқ киімі менбылғары галантереясын дайындайтын жобаны іске асыру ойда бар.

Артқа оралу Келесі жазба