ТҮРКІСТАНДА ЖЕТІ АУЫЛ СУСЫЗ ҚАЛДЫ

Түркістан облысында жеті ауылдың тұрғындары судан тарығып отыр. Су ағатын жалғыз арықты кәсіпкер жекешелендіріп алған, деп хабарлайды Malbazar.kz

Түлкібас ауданындағы Жиынбай суағары 2004 жылы аукционда 500 мың теңгеге сатылып кеткен. Арна бойында отырған ел егін салып, мал суғарудан қағылдық деп қынжылуда. Арық бойындағы елге үздіксіз су беріп, атызды тазалау және жөндеуді өз міндетіне алған кәсіпкер кейінгі кезде судан тарықтырған. <o:p></o:p>


«Үш жыл болды, тура керек кезде, көктемде бекітеді, тазалаймыз деп. Жаздың ортасында береді, қураған кезде ештеңе еге алмаймыз. Міне, күзде жапты, көріп тұрсыздар, әлі су жоқ, әлі ештеңе істелмеген. Бұлар жеке қылып алып қуратып отыр бәрімізді. Малымыздың бәрі жаман су ішеді, екі ай болды көлшікті ішеді, қырылып жатыр», — дейді Түлкібас ауданының тұрғыны Мұхит Қойбаев. <o:p></o:p>


«Суды сендерге бермеймін, суды сатып аласыңдар бізден су керек болса, жайылымның бәрі менікі, жайылымға мал шығарсаңдар оған да ақша төлейсіңдер» деген. Міне, енді жол салса, «жолды сатып алам» деді. Мен бұл кісілермен сөйлескен едім, «сен сияқты төмен адаммен сөйлеспеймін» деді, — дейді Түлкібас ауданының тұрғыны Алдияр Тәукеев.<o:p></o:p>


Ал жекеменшікке алған Әбдумүтәліп Сапаров есімді кәсіпкер іс-сапармен шалғайда жүргенін айтты. «Суды әдейі емес, арықты тазалау үшін амалсыз тоқтаттық» дейді. Аудан әкімі Жиынбайдан бөлек тағы екі арықты бір аптадан қалмай тазалап, елді сумен қамтамасыз етеміз дейді. Алайда, «бұл жекеменшік пен шенеуніктердің әдеттегі сөзі» деген жұрт уәдеге сенбейді.


Артқа оралу Келесі жазба