САУАЛНАМАҒА ҚАТЫСҚАНДАРДЫҢ 52%-Ы АГРОСАЛАДАН ПРЕЗИДЕНТТІККЕ ҮМІТКЕРДІ ШЫҒАРУДЫ ҚОЛДАДЫ

«Shopan ata» Қазақстан ұлттық қой өсірушілер қауымдастығының төрағасы Алмасбек Садырбай жүргізген сауалнама қорытындыларын Facebook-тегі парақшасында жариялады.


Жалпы сауалнамаға 563 адам қатысты. Нәтижесі бойынша қатысқандардың 52%-ы ауылды түсінетін, агросаладан президенттікке үміткердің қатысуын қолдап отыр, ал 9%-ы мүлдем қатыспаймыз деп отыр. Қазіргі мемлекет басшысын 31%-ы қолдаса, 8%-ы сайысқа түскендердің басқасын таңдаймыз дейді.


Осындай сауалнамаға болашақта дауыстарыңызды беріп, қатысамыз десеңіздер Алмасбек Садырбаевтың телеграм-арнасына жазылыңыздар.


Ал барлық пікірлеріңізбен MalBazar телеграм-арнасында бөлісе аласыздар.

Назад Следующая запись