ЕҢ АРЗАН ҚАНТ – ТАРАЗДА

Қазақстанда жыл басынан бері қант 36,1%-ға қымбаттады, деп хабарлайды Malbazar.kz

Наурызда қанттың орташа келісі 396 теңге еді. Бір айдың ішінде бірден 33,2%-ға қымбаттады. Ал бір жылда 50,2%-ға шарықтаған.

Ең жоғары жылдық өсім Алматы қаласында (70,1%), Қостанай (64,7%) және Жамбыл (60,5%) облысында тіркелді.

Ең қымбат қант Елордада (449 тг) болса, Алматыда (444 тг), Қостанайда (430 тг), ал ең арзан қант Таразда (348 тг) екен.

Артқа оралу Келесі жазба