ҚҰС ТҰМАУЫ ҚАУПІ ТӨНІП ТҰР МА?

Атырау облысындағы «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватының аумағында өлген құстардан құс тұмауы анықталды.

«Құстардың өлу себептерін анықтау бойынша комиссия құрылды, осы аумақта профилактикалық тексерулер жүргізіліп, су, топырақ және ауа сынамалары, құстардың өлекселері зерттеуге алынды. Зерттеу нәтижелері АН5 құс тұмауына оң нәтиже көрсетті», — деп хабарлады Атырау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы.

Еске салсақ, «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватының жағалауында Қызыл кітапқа енген құстардың жаппай қырылғаны белгілі болды.

Осылайша, үй жануарларына құс тұмауының жұғуы қаупі төніп тұрғаны ма?

Пікірлеріңізді MalBazar телеграм-арнамызға жаза отырыңыздар

Назад Следующая запись