ҚАЗАҚСТАНДА НАН ҚЫМБАТТАЙ МА?

«Қазақстанда астық тапшылығы жоқ». Бұл ауыл шаруашылығының бірінші вице-министрі Айдарбек Сапаровтың пікірі, деп хабарлайды Мalbazar.kz

Айтуынша, шикізат тапшылығына байланысты кейбір диірмендердің тоқтады дегені бос сөз. Статистикаға сенсек, қазір елімізде 6,4 млн тонна астық бар. Бұл ішкі нарықты қамтамасыз етуге және бір бөлігін экспортқа ұн түрінде жіберуге жеткілікті.<o:p></o:p>

Ауыл шаруашылығы министрлігінің егіншілік департаментінің директоры Азат Сұлтанов әлеуметтік нан бағасы қымбаттамайтынын айтады. Бірінші сұрыптағы ұннан жасалатын қалыпты нан, яғни әлеуметтік нанның бағасы мемлекет тарапынан бекітіліп, мониторинг жасалады. Ал круасан, багет сынды нан өнімдерінің бағасы шикізат бағасына қарай белгіленеді.<o:p></o:p>

Естеріңізде болса, бұған дейін Ресейден бидайды арзан бағамен импорттаған кәсіпорындар экспортқа тыйым салынған соң ішкі нарықтағы сатып алуға көшкен. Соған сәйкес, ішкі нарықта астық бағасы өсті. Міне, бұл жайт жалпы халық тұтынатын нан бағасы қымбаттай ма деген алаңдаушылыққа негіз болып отыр. Құзырлы орган өкілдері де бұл жайлы тіс жармады.<o:p></o:p>

Артқа оралу Келесі жазба