СҚО-ДА СҮТ НЕГЕ ҚЫМБАТ?

СҚО-да сүт қымбаттады. Сүт өндіруші зауыттар тауардың кей түрінің бағасын бірден 15 пайызға көтеріп жіберген, деп хабарлайды Malbazar.kz

Өңірде айран, сүзбе, сары май бағасы айтарлықтай өскен. Халық қымбатшылықты сәуір айының басында байқаған. Қазір қаладағы зейнеткерлердің дені сүт өндіруші кәсіпорындардың жеке дүкендеріне арнайы барып, сатып алуға мәжбүр. Себебі супермаркеттегі баға тіпті аспандап кеткен.<o:p></o:p>


«Майлылығы 4,5% болатын сүттің бір литрі мұнда — 330 теңге. Ал базарларда ол 360 теңгеге дейін. Ірі сауда орындарында одан да жоғары. Амал жоқ, аламыз. Себебі мұнда адам ағзасына аса қажетті кальций дәрумендері бар. Қазіргі таңда қымбаттамаған дүние қалмаған шығар. Зейнетақымыздың бәрін осы азық-түлікке жұмсаймыз», — дейді Петропавл қаласының тұрғыны Раиса Москвитина.

Қазір Солтүстік Қазақстан облысында сүт өңдеумен айналысатын алты зауытжұмыс істеп тұр. Шикізаттан тапшылық жоқ. Былтыр елімізде 30-ға жуық сүт тауарлы фермасы ашылса, оның тең жартысы Солтүстік Қазақстан облысында. Әсіресе, сүтті бағыттағы сиырларды көбейту қолға алынды. Бүгінде өңірде 90-нанастам шаруашылық сүт өндірумен айналысады. 29 заманауи сүт кешені жұмыс істеп тұр. Әйтсе де сүттің қымбаттауына сүт өнімдеріне қажетті қаптамалардың өзімізде өндірілмеуі себеп болып отыр.


«Сүт және сүт өнімдеріне қажетті қамтамалар — 30%, ал оны өндіруге қажетті қондырғылардың қосалқы бөлшектері — 50% қымбаттады. Мұндай дүниелер Қазақстанда жасалмайды. Біз импортқа тәуелдіміз. Мұның бәрі сүт бағасына әсер етіп отыр. Әрі ауыл шаруашылығы техникалары, қосалқы бөлшектері де қымбаттады. Ресейге салынған санкциялардың салқыны бізге де тиіп жатыр», — дейді облыстық ауыл шаруашалығы және жер қатынастары басқармасының басшысы Мейрам Меңдібаев.

Артқа оралу Келесі жазба