ХАЛЫҚ НЕЛІКТЕН ЕТТІ АЗ ТҰТЫНА БАСТАДЫ?

Қазақстанда 2020 жылмен салыстырғанда азық-түлік өнімдерін тұтыну көрсеткіші азайған, деп хабарлайды Malbazar.kz

Ұлттық статистика бюросының дерегінше, былтыр қант және кондитер өнімдерінен басқа азық-түлік өнімдерінің негізгі топтары бойынша тұтыну көрсеткіші төмендеген. 2021 жылы ет және ет өнімдерін тұтыну орташа жан басына шаққанда көлемі 82,3 кг, балық және теңіз өнімдері — 14,8 кг, көкөністер — 80,6 кг, сүт және сүт өнімдері — 243,2 кг болды.


Ал сүт және сүт өнімдері сияқты тамақ өнімдерінің маңызды топтарын тұтыну 6,3%-ға, нан өнімдері мен жарма өнімдерін — 4,7%-ға, ет және ет өнімдерін — 1,7%-ға, балық және теңіз өнімдерін – 2%-ға төмендеген.

Айта кетейік, мұның алдында Қазақстан қалалары ішінде еттіңең жоғары бағасы Алматы мен Астанада екені анықталған. Елордада сиыр еті (2 506теңге), қой еті (2 987 теңге), жылқы еті (3 015 теңге) және тауық еті бағасы (1208 теңге) көтерілген. Алматыда сиыр еті – 2 325 теңге, қой еті – 2 920 теңге, шошқа еті – 2 060 теңге, жылқы еті – 2 939 теңге.
Артқа оралу Келесі жазба