ПАВЛОДАР: РОБАТТАНДЫРЫЛҒАН АЛҒАШҚЫ СҮТ ЗАУЫТЫ


Еуропалық технология бойынша жаңа кәсіпорынның құрылысы биыл Павлодар облысының Ковалевка ауылында басталады, деп хабарлайды Malbazar.kz

«БИК» шаруашылығының басшысы Қуаныш Баймағамбетовтың айтуынша, Қазақстанда бұл толықтай роботтандырылған тұңғыш өндіріс болмақ.


«500 басқа арналған тауарлы-сүт фермасы голландиялық технология бойынша жұмыс істейді, малдың астын тазарту мен жануарларды тамақтандыруға дейін толығымен роботтандырылған», — дейді Қуаныш Баймағамбетов.

Мұнда сүт фермасымен қатар, сүт зауыты да бар. Бір қызығы, балғын сүт фермадан зауытқа құбыр арқылы келеді.


«Сүт сапасына әсер ететін адамдар мен көліктердің қатысуынсыз бұл экологиялық таза өндіріс болмақ», — дейді шаруашылық басшысы.

Заманауи шаруашылықта 55 адам жұмыс істейді, маусым кезінде тағы 20 адам қосылады, жұмысшылардың 95%-ы Успен ауданы тұрғындары. Сонымен бірге, еліміздің оңтүстік өңірінен малшылар мен механизаторларды шақыру жоспарланып отыр.




Артқа оралу Келесі жазба