ОҢТҮСТІК ПЕН БАТЫСТА СУ БОЛМАЙДЫ

Биыл еліміздің оңтүстігі мен Атырау, Ақтөбе облыстарында су аз болуы мүмкін. Бұл туралы Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев айтты, деп хабарлайды malbazar.kz.

Естеріңізде болса, Мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысында су мәселесіне ерекше назар аударды. Министрлікке жаңа Су кодексінің жобасын осы жылдың қыркүйек айында Президент Әкімшілігіне енгізу тапсырылды.


– Бізде уақыт өте аз, жарты жыл қалды. Су саласы мамандарын тарта отырып, жаңа Су кодексін толық және сапалы әзірлеуді қамтамасыз етуді тапсырамын, деді С.Брекешев министрліктің алқаотырысында.


Оның атап өтуінше, оңтүстік өңірлерде, сондай-ақ Атырау менАқтөбе облыстарында судың аз болу қаупі жоғары. Осыған орай облыстардың бассейндік инспекциялары мен «Қазсушар» кәсіпорыны филиалдары ылғал сүйгіштігі төмен дақылдарды егу, су айналымы мен су өңдеуші суару технологияларын қолдану, агротехникалық және мелерациялық жұмыстар жүргізу жолымен өзендердің су тапшылығы жағдайында суды ұтымды пайдалану туралы фермелермен ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізуі керек. «Қазсушар» каналдарды жөндеу және механикалық тазалау, басқа да жұмыстарды жүргізуі керек.

Артқа оралу Келесі жазба