АТЫРАУДА ЖЫЛҚЫЛАРДЫҢ НЕДЕН ӨЛГЕНІ АНЫҚТАЛДЫ

Атырау облысында 211 жылқының қандай ауруға шалдыққаны анықталды, деп хабарлайды Malbazar.kz.

Атырау облысы әкімінің орынбасары Қайрат Нұрлыбаевтың мәліметінше, биыл наурыздан бері Исатай, Құрманғазы және Махамбет аудандарында 211 жылқы ауруға шалдыққан. 75 жылқы өлді, 136 жылқыға симптоматикалық емдеу шаралары жүргізіліп жатыр. Аурудың себебін анықтау үшін өлген жылқыдан қан сынамалары алынған.


«Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің ғалымдары Құрманғазы, Исатай, Махамбет, Қызылқоға аудандарын аралап, ауырған жылқыдан сынамалар алды. Хаттамаға сәйкес делафондиоз аурының қоздырғышы, гастрофилез, жылқы параскаридозы анықталды. Ғалымдардың алдын ала сараптамасына сәйкес, аталған қоздырғыш мал өлімінің себебі болып отыр», — деді облыс әкімінің орынбасары Қайрат Нұрлыбаев.


Мамандар мал иелері мен ветеринариялық дәрігерлерге қан паразитарлық аурулар менгельминтоздарды емдеу және алдын-алу шаралар бойынша жұмыстар жүргізуді ұсынды. Айта кетейік, мұның алдында Атырау облысында жылқылардың қырылып жатқаны https://malbazar.kz/ru/blog/atyrauda-zhyly-yrylyp-zhatyr-62.html жайлы жазған едік.

Артқа оралу Келесі жазба