ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНДА ТАУЫҚТАР НЕГЕ ҚЫРЫЛЫП ЖАТЫР?

Ресеймен шекарадағы Федоров ауданы Ленин ауылында үй тауықтары қырылды. Дәл осындай жағдай сәуір айында көрші Қарабалық ауданында болған еді.

Анықталғандай, Ленин ауылында бір тұрғынның өткен аптаның басында бірден 19 тауығы өлген. Ал көршісінің 30 қанаттысы қылжиып қалған. Жұрт ауылда тауық қалған жоқ дейді.

Зерттеу қорытындысы құстардың неден өлгенін анықтай алмады. Бірақ қазір ол аудандарда жағдай тұрақты дейді мамандар. Бұл жолы өлексе сынамалары елордадағы зертханаға жіберілді.

«Зерттеулер жүргізіледі. Бір он күннің ішінде бізге результаттар келуі тиіс. Енді біз ол пастереллозға тапсырдық, ньюкаслға тапсырдық, қайсы қандай результат келетінін біз білмейміз әлі», — деп мәлімдеді Талғат Шамшадин, облыстық ветеринария басқармасының бөлім басшысы.

Қандай дерт болуы мүмкін?

Пікірлеріңізді телеграмдағы чатымызға жаза аласыздар

Назад Следующая запись