НЕЛІКТЕН ҚАЗАҚСТАН ӨЗІН СҮТ ӨНІМДЕРІМЕН ТОЛЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТЕ АЛМАЙ ОТЫР?

Қазақстан әлі де өзін сүтөнімдерімен толық қамтамасыз ете алмайды. Мал басы көбейіп, жем-шөп базасы қалыптасуда. Бірақ нәтиже аса жоқ.


Маркетингтік және әлеуметтік зерттеулер институтының деректеріне сәйкес, соңғы 3 жылда елімізде мал басы мен жем шөп өндіру көлемі қалыпты қарқынмен өсуде.


Жаңа фермалардың өсуі қуантқанмен, олар өңдеуші кәсіпорындардың қуаттылығымен өңірді қамти алмай отыр. Мәселе төмен сүт өнімділігінде болуы мүмкін. Бұл мәселеде суармалы жерлерді кеңейту арқылы өсіруге болатын жақсы жемге ставка жасалады.


Алайда, көп нәрсе сиырдың иесіне байланысты, егер ол малға тиісті мөлшерде азық берсе, денсаулығын қадағаласа, онда сүт те молымен болмақ.


Сондай-ақ, мал басының өсуімен ғана мәселені шешу мүмкін емес.


Ауыл шаруашылығы министрлігі республика бойынша ахуалды бағалап, сүт өндірісін арттыру саласында айтарлықтай серпіліс жасау міндетін қойып отыр. Тіпті бұл іске арнайы бағдарламалар мен мемлекеттік қолдау шаралары ұсынылуда. Сонымен қатар, жеке аула да ескеріледі. Нарықта бәсекелесу үшін қазақстандық кәсіпорындар миллион тоннаға дейін өнім өндіруі қажет. Сонымен мәселе қайда? Сиырлар да, жем де бар, бірақ сүт өндірісінің күрт өсуі байқалмайды.


Ал сіздер қалай ойлайсыздар?


Пікірлеріңізді MalBazar телеграм-арнамыздажаза отырыңыздар.

Назад Следующая запись