МӘЖІЛІС ДЕПУТАТТАРЫ ҚАРАШӨКЕЕВТІ СЫНҒА АЛДЫ

Өңірде шаруашылықпен айналысып отырғандарға ыңғайлы жағдай жоқ. Не су жоқ, не өнім жоқ. Үкімет қабылдаған шешім, мәселені одан сайын ушықтырып отыр. Бүгін мәжілісмендер ауыл шаруашылық министрін сынға алды. Тіпті министрліктің саясатын сауатсыз деп санайды. Өйткені өзімізде барды ұқсата алмай отырмыз деді.

Министрліктің минустарын жіпке тізген депутаттар халықтың көкейінде жүрген мәселенің бәрін қозғады. Алайда, көктемнен бері тапшылыққа айналған қанттың дүкендегі бағасын министр білмейтін болып шықты.

Бір кезде елде 80 мың гектарға жуық қант қызылшасының алқаптары болған. Ал қазір барлығы 12 мың гектар алқап қалған. Министр қант қызылшасын өсіру оңай шаруа емес деп ақталды.

Депуттар наразы:

— Мына елді мекендерде қосалқы шаруашылықтарды реттейтін тәртіпті алып тастадыңыз сіз. Ол дұрыс емес. Ол шешпейді жаңағы айтып отырған мәселені.

— Мына қазақта барыңнан жоғың деген сөз бар. Адам түңілген кезде айтады ондай сөзді. Сол шаруалар сіздерге барыңнан жоғың деп жатыр.

— Не су жоқ қазір, не өнім жоқ. Енді қымбатшылық содан кейін болады да.

— Ауылшаруашылық бола ма, білімге қатысты бола ма, денсаулыққа қатысты бола ма, ұлттық жоспарлау министрлігі қаржы бөлетін бірге жүріңіздер елге. Ол депутаттардың ғана міндеті емес қой. Біз жинақтап бүкіл проблеманы Үкіметтің алдына қойып жатырмыз. Қаншама мәселе бар. Орындалып жатқан жоқ.

Кем-кетікті қарша боратқан депутаттар, сонша мәселенің шешімі күзге дейін шешіліп кетуі екі талай екенін іштей сезеді. Себебі, министр мәселелерді шешетін ресурс та, қаржы да жеткіліксіз деді.

Пікірлеріңізді телеграм-арнамызға жазыңыздар

Назад Следующая запись