АЛМАТЫДА УТИЛЬ АЛЫМҒА ҚАРСЫ МИТИНГ ӨТТІ

Алматыда «Утиль алымына жол жоқ» қозғалысының белсенділері ұйымдастырған бейбіт митинг өтті, — деп хабарлайды Malbazar.kz.

Шоқан Уәлиханов алаңына 100-ге жуық адам жиналған. Іс-шарада«ShopanAta» агроқозғалысының жетекшісі Алмасбек Садырбаев, саясаткерлер Санжар Боқаев пен Болат Әбілов сөз сөйледі. Олар автокөліктер үшін утилизациялық алымды мүлде алыптастауды немесе оның мөлшерін 100 мың теңгеден асырмауды талап етті.

«Утилизациялық алым халқымыздың тоқ болуына кедергі келтіріп отыр. Бұл үлкен проблема туғызып отыр. Біз өзбек пен қырғызфермерлерімен бәсекелесе алмаймыз, себебі оларда заманауи агротехника бар. Бұған дейін еліміздің 10 өңірінде қазақ шаруаларының өңірлік құрылтайын өткіздік. Бірақ шаруалардың жанайқайына ешкім елең етпеді. Біздің талап утилизациялық алымды алып тастау», — деді Алмасбек Садырбаев.


«Үкіметте алым ұстауға қандай да бір ғылыми түрде негізделген есептеу әдісі болса, 40-60 пайызға да келісер едім. Бірақ оларда ештеңе жоқ! Осы бассыздықтың бәрін олигархтар мен шенеуніктер ұйымдастырған, қазір олар жақсы қызметтерге жайғасты. Ешкім жауапқа тартылған жоқ. Ал мемлекетке 3 трлн теңге көлемінде шығын келді. Адамдардың қалтасынан 2 млрд теңге ақшасын алды», — деді Санжар Боқаев.

Митингке қатысушылар «Утильсбору нет, Скляр– кет!» және «Утильсбор отменить, всех виновных посадить!»деп ұрандатты.

Митинг кезінде президент, парламент, үкімет және өзге де билік тармақтарына жолданатын резолюцияға қол жинау жүріп жатты. Жиын соңында оған шамамен 400 адам қол қойғаны белгілі болды. Ұйымдастырушылар утиль алымының кесірінен халықтың жаңа көлік міне алмайтынын, елде ескі көліктердің көбейіп жатқанын айтып зар қақты.

Ал бұған дейін утиль алым жойылмайтынын айтқан вице-премьер министр Роман Склярдың 8 мамыр болатын туған күніне белсенділер 2001 жылы шыққан «ВАЗ» автокөлігін сыйлады.

Артқа оралу Келесі жазба