МИНИСТР ҚАРАШӨКЕЕВ ҮШІН КОМАНДАСЫ АҚТАЛДЫ

Ауыл шаруашылығы министрі Қарашөкеевтің ойланбай айтқан бір ауыз сөзі шаруалар арасында үлкен дау туғызып жатыр.Ойланбай сөйлеген министр деп "акцент" беруімізде гәп бар. Себебі министр жем- шөп қоры жоқ шаруаларға мемлекеттік қолдау беру ақылға симайды деген сарындағы өз ойын айта салған.


Министрдің аузынан шыққан бұл сөз елге лезде тарап, тіпті байланысы жоқ деп жүретін шалғай ауылдардың өзін дүрліктіріп жіберді.


Мәселенің анық-қанығын білмек болып, Ауыл шаруашылығы министрлігіне хабарластық. Бақсақ бақа екен демекші, сөйтсек министр Қарашөкеев қара басып, тілінен сүрініпті. Дұрысы, өз ойын ойланбай айта салғанға ұқсайды.


Негізінде субсидия беру тетіктеріне енетін өзгерістер әлі қаралып жатыр. Нақты жоспар, бекітілген меже жоқ. Алда субсидия талаптары түгел нақтыланғасын, бекітілген жоспармен бөлісеміз. Қуаңшылық кезінде шаруаларды қолдау мәселесі де әлі талқыланып жатыр. Министрдің сөзі шу көтеруге себеп емес, — деп ақталды АШМ баспасөз орталығы.


Жағынан жаңылған Қарашөкеев осылайша шаруалардың наразылығының астында қалды. Енді субсидия берудің жаңа тетіктері шаруа ағайынға қолайлы етіп дайындалса игі деген үміт қалды.

Назад Следующая запись