МЕЛИОРАТИВТІК ЖАҒДАЙЫ НАШАР АЛҚАПТАР АЗАЙДЫ

Ауыл шаруашылығында суармалы егіншілікті дамытудың экономикалық, әлеуметтік және экологиялық маңызын ескере отырып, Қазақстанда ауыл шаруашылығы жерлерін суару кезінде су шығынын азайту жөнінде шаралар кешені жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды malbazar.kz.

2021 жылы пайдаланылатын суармалы жерлердің ауданы 1 527 мың гектарды құрады, бұл 2020 жылға қарағанда 16,8 мың гектарға артық.


Соңғы 6 жылда өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру оң динамиканы көрсетіп отыр. Мәселен, егер 2020 жылы суармалы жерлерде өнім 1,2 млн гектарға жиналса, 2021 жылы бұл көрсеткіш 1,4 млн гектарды құрады.


Соңғы бес жылда жүргізілген талдау қанағаттанарлықсыз мелиорациялық жай-күйі бар алаңдар 316,7 мың гектардан 310,3 мың гектарға дейін азайғанын көрсетті.


Жалпы 2022 жылы суармалы жерлердің мелиорациялық жай-күйін мониторингтеу және бағалаумен 1574,1 мың га суармалы жерді қамту жоспарланып отыр.

Артқа оралу Келесі жазба