КИІКТІҢ ЕТІН НАРЫҚҚА ШЫҒАРУ КЕРЕК

«Әр қазақ бай болсын!» ютуб арнасында Мехмет бей киіктің санын реттеуге байланысты біраз мәселені қозғады, деп хабарлайды Malbazar.kz

Қазір жыл санап жайылымды тоздырған жабайы киіктің көбеюіне орай, Батыс Қазақстан шаруалары біраз қиындыққа тап болып отыр. Қоғамда пікір бір екіге жарылды, бірі табиғаттың жаратқаны, бұған тиісуге болмайды десе, шаруалар жерімізді ойран-топыр қылды, жайылым қалмады деп қынжылуда. Бұл мәселені Мехмет бей шариғат тұрғысынан түсіндіріп берді.

«Алла Тағала жер бетіндегі дүниенің бәрін адам баласының игілігі, пайдасы үшін жаратқан. Бұл бәрінен жоғары. Егер киіктер көбейіп, елдің шаруасына кері әсерін тигізсе, мемлекет азайтудың жолын бақылауға алу керек. Киік елдің байлығы, қазынасы, ол адал мал, етін жеуге болады. Табиғатта тепе-теңдік бұзылып, жайылым жыл санап тоза берсе бұл шаруаның малына ғана емес, киіктердің өзіне де зиян. Сол себепті, мемлекет киіктің етін нарыққа шығарып арзандатып сата ма, әлде балалар үйіне, қарттар үйіне немесе әскерге жұмсай ма, сондай бір тиімді тәсілін ойлап табу керек. Бұл Алланың әміріне қарсы емес! Тек асыра сілтеп, қырып-жоюдың қажеті жоқ», — дейді Мехмет бей.

Артқа оралу Келесі жазба