МАҢҒЫСТАУ: ҚҰДЫҚ ҚАЗҒАНҒА БЕРІЛЕТІН СУБСИДИЯ КӨЛЕМІ АРТТЫ

Маңғыстау облысында мал суару үшін құдық қазғанға бөлінетін субсидия көлемі 80% артты, — деп хабарлайды Мalbazar.kz.

Бұл жайылымды суландыру және мал шаруашылығын сумен қамтамасыз ету мақсатында қолға алынған іс-шара. Бірақ 375 метр тереңдікке дейін қазылған ұңғыма ғана субсидияланады. Әрі қарайғы тереңдіктің шығынын шаруа өзі төлейді. Бір құдық кемінде 50 ірі қараға есептеліп отыр.


«1 метр қазу 70 000 теңге болса, 80%-і субсидияланады. Инвестициялық салымдарды өтеу республикалық бюджеттен 50 % және жергілікті бюджеттен 30 % қаражат беріледі. Бір құдықты суландыру көлемі 2 мың гектарға дейін жайылымға жетеді», — дейді Маңғыстау облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бөлім басшысы Нұрғали Буханов.


Бұған қоса, су көтеретін сорғы және электр станциясын субсидиялау да қарастырылған. Техника жанар-жағар маймен немесе дизелмен жұмыс істеуі шарт. Жалпы, 2014-2021 жылдары облыста 448 құдық қазылып субсидияланған. 2020-21 жылдары қаржыландыру көлемі 50% төмендеп кетіп, шаруалар былтыр тек 44 құдық қазыпты.

Артқа оралу Келесі жазба