КЕҢЕС ДӘУІРІНЕН ҚАЛҒАН, ШІРІГЕН ҚҰБЫРЛАРДАН АУЫЗ СУ ІШУГЕ МӘЖБҮР

Айтыла-айтыла қотыр аттың жауырындай болған ауыз су мәселесі әлі шешілер емес. Ит арқасы қияндағы елді мекендерді айтпағанда, астананың іргесіндегі Қоянды ауылының тұрғындары «су белгілі сағатпен ғана беріледі», — деп шулағандары әлі есте. Міне, бүгін тағы да Үкімет отырысында ауыз су мәселесі айтылды, деп хабарлайды Malbazar.kz.

Индустрия министрлігі елді мекендерді ауыз сумен қамтушаруасына тоқталды. Осындайда ұраншыл келетін Үкімет «Қуатты өңірлер – елдамуының драйвері» атты ұлттық жоба шеңберінде су деп кенезесі кепкенауылдардың көсегесін көгертпек. Тіпті2025 жылға дейін елді мекендердің 100% тұп-тұнық тұщы сумен қамтамасыз етіледідеген мықты меже бар. Қош, иланудан шаршамайтын халықпыз ғой, оған дасендік, үміттендік. Индустрия министрі Қайырбек Айтбайұлының айтуынша,Қазақстан бойынша 85,1 мың шақырым су құбыры болса, соның 19,1 мың шақырымы немесе 22,5%-ның әбден тозығы жеткен, яғни шұғылалмастыру керек.Салыстыру үшін айта кетсек, жер аумағы бойынша тоғызыншыорындағы Қазақстан батыстан шығысқа дейін 3 мың шақырымға созылып жатыр. Күтіміболмаған соң қандай көлемдегі құбырдың шіріп, қаншама азаматтарымыздың сапасызсу ішіп жатқанын бағамдай беріңіздер.

Индустрия министрлігі елді мекендерді ауыз сумен қамтушаруасына тоқталды. Осындайда ұраншыл келетін Үкімет «Қуатты өңірлер – елдамуының драйвері» атты ұлттық жоба шеңберінде су деп кенезесі кепкенауылдардың көсегесін көгертпек. Тіпті2025 жылға дейін елді мекендердің 100% тұп-тұнық тұщы сумен қамтамасыз етіледідеген мықты меже бар. Қош, иланудан шаршамайтын халықпыз ғой, оған дасендік, үміттендік.

Индустрия министрі Қайырбек Айтбайұлының айтуынша,Қазақстан бойынша 85,1 мың шақырым су құбыры болса, соның 19,1 мың шақырымы немесе 22,5%-ның әбден тозығы жеткен, яғни шұғылалмастыру керек.Салыстыру үшін айта кетсек, жер аумағы бойынша тоғызыншыорындағы Қазақстан батыстан шығысқа дейін 3 мың шақырымға созылып жатыр. Күтіміболмаған соң қандай көлемдегі құбырдың шіріп, қаншама азаматтарымыздың сапасызсу ішіп жатқанын бағамдай беріңіздер.

Күтімі жоқ деуіміз де бекер емес. Индустрияминистрлігінің мәліметіне қарағанда, Қазақстан бойынша 275 ауылдағы сужелілерінің күтімін әкімдіктер мойнына алса, 335 елді мекендегі бұл міндетті сауатты маманы жоқ, қажетті техникаменқамтылмаған кәсіпорындар атқарып отыр екен. Салдары айтпаса да түсінікті.Индустрия министрлігі су желілерінің жайын бақылап отыруға қатысты «бір аудан –бір кәсіпорын» қағидатын енгізіп, амалдап көрмек.Елімізде 6302 ауыл бар, оның ішінде 4700-денастамы ауыз сумен қамтылған. 511 ауылдыорталықтандырылған су жүйесімен қамтамасыз ету үшін құрылыс жұмыстарыжоспарланып отыр. Ал халық саны аз 1 мыңнан астам ауылда жергілікті бюджетқаражаты есебінен кешенді блок-модульдер орнатылатын болады. Биыл 120 ауылды орталықтандырылған су жүйесіменқамтамасыз ету және халық саны аз 220 ауылда кешенді блок-модуль орналастыружоспарлануда.

Күтімі жоқ деуіміз де бекер емес. Индустрияминистрлігінің мәліметіне қарағанда, Қазақстан бойынша 275 ауылдағы сужелілерінің күтімін әкімдіктер мойнына алса, 335 елді мекендегі бұл міндетті сауатты маманы жоқ, қажетті техникаменқамтылмаған кәсіпорындар атқарып отыр екен. Салдары айтпаса да түсінікті.Индустрия министрлігі су желілерінің жайын бақылап отыруға қатысты «бір аудан –бір кәсіпорын» қағидатын енгізіп, амалдап көрмек.

Елімізде 6302 ауыл бар, оның ішінде 4700-денастамы ауыз сумен қамтылған. 511 ауылдыорталықтандырылған су жүйесімен қамтамасыз ету үшін құрылыс жұмыстарыжоспарланып отыр. Ал халық саны аз 1 мыңнан астам ауылда жергілікті бюджетқаражаты есебінен кешенді блок-модульдер орнатылатын болады. Биыл 120 ауылды орталықтандырылған су жүйесіменқамтамасыз ету және халық саны аз 220 ауылда кешенді блок-модуль орналастыружоспарлануда.

Бірақ, естілуі тәп-тәуір жоспардың жүзеге аспай жатып,олқы тұстары шыққан. Мәселен, орталықтандырылған су жүйесімен қамтамасыз етілуітиіс 54 ауылда (Түркістан облысындағы 30ауыл, Алматы облысы бойынша 7 ауыл, БҚО бойынша 5 ауыл, Жамбыл облысындағы 5ауыл) жерасты су көздерін іздестіру және барлау жұмыстары атқарылмаған. Тағы бір түйткіл. Еліміздегі 50 ауылда адам саны күртартқандықтан, су құбырларын ұлғайту жұмыстары кезегін күттірмес мәселегеайналған. Бір ғана мысал. Алматы облысыКеңдала елді мекеніндегі су құбыры сонау 1969 жылы салынған. Толығыменалмастыруды қажет етеді. Соңғы бес жылда аталған ауылда адам саны 5,8мыңнан 9,5 мыңға дейін жеткен. Кеңес дәуірінен қалған құбырлардан су ішугемәжбүр ауылдарда ауыз су желілерін кеңейту үшін 40 млрд теңгедей қаражат қажет.Сол үшін бұл ауыл әкімдіктері арқаны кеңге салмай жобалық-сметалыққұжаттамаларын әзірлеуге кіріскені жөн.

Бірақ, естілуі тәп-тәуір жоспардың жүзеге аспай жатып,олқы тұстары шыққан. Мәселен, орталықтандырылған су жүйесімен қамтамасыз етілуітиіс 54 ауылда (Түркістан облысындағы 30ауыл, Алматы облысы бойынша 7 ауыл, БҚО бойынша 5 ауыл, Жамбыл облысындағы 5ауыл) жерасты су көздерін іздестіру және барлау жұмыстары атқарылмаған.

Тағы бір түйткіл. Еліміздегі 50 ауылда адам саны күртартқандықтан, су құбырларын ұлғайту жұмыстары кезегін күттірмес мәселегеайналған. Бір ғана мысал. Алматы облысыКеңдала елді мекеніндегі су құбыры сонау 1969 жылы салынған. Толығыменалмастыруды қажет етеді. Соңғы бес жылда аталған ауылда адам саны 5,8мыңнан 9,5 мыңға дейін жеткен. Кеңес дәуірінен қалған құбырлардан су ішугемәжбүр ауылдарда ауыз су желілерін кеңейту үшін 40 млрд теңгедей қаражат қажет.Сол үшін бұл ауыл әкімдіктері арқаны кеңге салмай жобалық-сметалыққұжаттамаларын әзірлеуге кіріскені жөн.

2025 жылға дейін белгіленген меженің үдесінен шығу үшін,Индустрия министрлігі интерактивті карта әзірлепті. Бұл картаныинтернетке кіріп шолып шықса болады. Мұндасумен қамту шаруасының барысы, халық саны, құбырлардың тозу деңгейі және басқада ақпараттарды табуға болады.Биылға сумен қамтушаруасы үшін 215 млрд теңге республикалықбюджеттен бөлінбек. Оның ішінде қалалар үшін 120 млрд теңге, ауылдарға 95 млрдтеңге бағытталады. Нәтижесінде жыл соңына қарай қалалардың 98,5%, ауыл халқының94,7% суға қарық болмақ.

2025 жылға дейін белгіленген меженің үдесінен шығу үшін,Индустрия министрлігі интерактивті карта әзірлепті. Бұл картаныинтернетке кіріп шолып шықса болады. Мұндасумен қамту шаруасының барысы, халық саны, құбырлардың тозу деңгейі және басқада ақпараттарды табуға болады.

Биылға сумен қамтушаруасы үшін 215 млрд теңге республикалықбюджеттен бөлінбек. Оның ішінде қалалар үшін 120 млрд теңге, ауылдарға 95 млрдтеңге бағытталады. Нәтижесінде жыл соңына қарай қалалардың 98,5%, ауыл халқының94,7% суға қарық болмақ.

Артқа оралу Келесі жазба