ҚАРАШӨКЕЕВ ҚАНТ ИМПОРТЫН АЗАЙТУДЫҢ ЖОЛЫН АЙТТЫ

Ауыл шаруашылығы министрі қант импортына тәуелділіктен арыламыз деп сендірді, деп хабарлайды Malbazar.kz

Құзырлы ведомство басшысы қант өндірісін 7 есеге арттырып, оның импортын 32%-ға түсіруді жоспарлап отыр. Бұл үшін 5-6 жыл бойы салаға жеңілдетілген несиелер мен субсидиялар қажет.


«Қант жинауды 332 мың тоннадан 1,8 миллион тоннаға дейін ұлғайту күтіліп отыр қант қызылшасын. Демек
,қант қызылшасына қант өндірісі жеті есе 254 мың тоннаға дейін ұлғайту мүмкіндігін береді», — деді ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев.

Естеріңізде болса, наурыз айының басында дүкен сөрелеріндегі қантты халық сыпырып әкетіп, өнімнің бағасы шарықтап кеткен. Қарашөкеев бұл байбаламның салдары деп сабырға шақырып, қант қорының жеткілікті екеніне сендірген. Алайда қазір қазақстандықтар бір жылда тұтынатын 532 мың тонна қанттың 7 пайызы ғана отандық өнім екен.
Артқа оралу Келесі жазба