ЕТ ҚЫМБАТТАЙ МА?

Былтырғы қуаңшылықтан зардап шеккен шаруаларға уақытында көмек көрсетілмесе, елдегі еттің бағасы қымбаттайды. «Атамекен» ҰКП АӨК және тамақ өнеркәсібі департаментінің сарапшысы Қуандық Чункунов осылай деп отыр.


Сарапшының айтуынша, қуаңшылық салдарынан шөптің құны 2 есе қымбаттаған. Ал «Қазгидромет» шілде айында бірқатар өңірде қуаңшылық үдейтінін ескерткен еді.


Қуандық Чункуновтың интернет порталдарда жариялаған деректеріне қарағанда, құрғақшылықтан зардап шеккен Маңғыстау, Қызылорда және Алматы, Жамбыл, Түркістан облыстарында шөп бағасы 2 есе өскен. Мысалы, өткен жылы 1 тең (тюк, 1 тең шөп – 18 келі) – 600-800 теңге болса, қазір оның бағасы – 1000-1500 теңге екен.


Қуаңшылық зардабынан мал айтарлықтай арықтағандықтан,бағасы да төмендегені байқалады, — дейді сарапшы. Бірақ жадап-жүдеген шаруалар үкіметтен дер кезінде көмек алмаса, еттің құны келер жылы 40-70%-ға бір-ақ қымбаттап кетуі әбден мүмкін екенін ескертті.

Назад Следующая запись