ЕЛОРДАДА ДЕМАЛЫС КҮНДЕРІ ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНЫҢ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТЕДІ

Жамбыл облысы осы демалыс күндері ауыл шаруашылығы жәрмеңкесінде өз тауарларын ұсынады.

Осы өңірден 100-ге жуық кәсіпкер елордаға 495,8 тонна өз өнімдерін әкеледі: 47 тонна ет (жылқы еті, сиыр еті, қой еті), 15 тонна тауық еті, 14 тонна шұжық өнімдері, 38,8 тонна сүт өнімдері, 6 мың дана жұмыртқа және басқа да тауарлар.

Бұдан басқа, 10 тонна қант ұсынылады, бір килограмы 480 теңгеден сатылады.


Өнім бағасы нарықтық бағадан 10-20% ға төмен.

Өтетін орны: 3 және 4 қыркүйек күндері, Тұран көшесі, 48, «Астана-Арена» стадионының жанындағы алаң.

Назад Следующая запись