ЕЛІМІЗДЕ ЖЕР МӘСЕЛЕСІ ҚАЛАЙ ШЕШІЛІП ЖАТЫР?

Жерді тиімсіз қолдану пайдалану мен тарату бойынша мәселе халық тарапынан белсенді көтеріліп жатыр. Елімізде мыңдаған гектар пайдаланылмайтын жайылымдық алқаптартар бар. Осы тақырыпты мемлекет басшысы да көтерген болатын. Президент осы жерлерді мемлекеттк меншікке қайтару және ауыл тұрғындарына қолжетімді ету тапсырмасын берген.

Берілген тапсырманың орындалуын AMANAT партиясының жанынан құрылған «Жер аманаты» комиссиясының отырысында талқыланды. Қазіргі уақытта Қарағанды, Жамбыл, Түркістан облыстарында 140 мың га астам жайылымдық жерлер мемлекет еншіліге қайтарылды.

Мәжіліс депутаты Айдос Сарымның айтуынша, аудандарда олигополиялық режим адамдарға мал жаюға, ауыл шаруашылық бизнесімен айналысуға мүмкіндік бермей жатыр.

«Жергілікті олигархтар жердің едәуір бөлігін алып алған. Сөзден іске көшу керек. Біз ауыл шаруашылығы министрлігінің неғұрлым белсенді болғанын қалаймыз. Заңды шаралар қабылдамайтын әкімдерге қатысты іс қозғалуы тиіс», — дейді депутат.

Мәселені айқындайтын бір ғана мысал заңгер Бақытжан Базарбекпен айтылды.

«Маңғыстау облысындағы бір шаруашылықтың ауданы 2015 жылы 3,5 млн.га болды, бұл Молдова, Бельгия, Армения аумағынан да асады. Қазіргі уақытта осы шаруашылықта 1 млн. гектардан астам жер бар, ал мал жоқ. Уәкілетті орган неге шара қолданбайды? Біз осындай жағдайларды тексереміз», — деді ол.

Қалай ойлайсыздар, партия жер мәселесінде оң нәтижеге жете ала ма? Ал сіздердің өңірлеріңізде Маңғыстаудағыдай мысалдар бар ма? Әкімдік қандай шаралар қолдануда әлде Президент берген тапсырманы мүлдем естімеген бе?

Пікірлеріңізбен телеграм-арнамызда бөлісе отырыңыздар

Артқа оралу Келесі жазба