ЕЛІМІЗДЕ ТӨРТ ҚҰС ФАБРИКАСЫ ТАҚЫРҒА ОТЫРЫП, ЖАБЫЛЫП ҚАЛҒАН

Қазақстанда барлығы 58 құс фабрикасы бар. Бірақ қазір олардағы жағдай мәз емес. Мекиендерді жем-шөппен қамтамасыз ету жағы ақсап тұр. Салдарынан былтырдан бері 4 құс фабрикасы жабылып қалған. Оның үшеуі жұмыртқа бағытындағы болса, біреуі етті бағытта жұмыс істеген еді.


Қазақстан құс өсірушілер одағы бұған дейін талай мәрте жағдайдың ушығып бара жатқаны жайлы айтқан. Нәтижесінде ақпан айында «Азық-түлік корпорациясы» құс өсірушілерге 150 мың тонна астық бөлген. Мамандар мұны алдаусыратып, арқадан қаққанмен тең деп отыр. Себебі бөлінген бұл көлем жылдық қажеттіліктің 37%-ын ғана құрайды. Оның үстіне сәуір айында «Азық-түлік корпорациясымен» меморандум бекітіліп, өтінім бойынша бидай қарастырылған. Бірақ әлі күнге астық берілмеген.
Оған қоса, көрші елдердің арзан өнімі, отандық кәсіпкерлердің алдын орауда. Мәселен, елдегі ірі сауда кешендеріндегі құс өнімдерінің 60%-ға жуығы Ресей мен Беларусиядан әкелінген.


Жуырда қоғам белсендісі, республиалық «Shopan-ata» агро-қозғалысының төрағасы Алмасбек Садырбаев Қазақстанның құс шаруашылығына төнген қауіп жайлы мемлекеттік арналардың біріне берген сұхбатында айтқан еді.

Назад Следующая запись