ЕКІ ЖАРЫМ МЫҢ БАС ІРІ ҚАРАДАН БЕЛГІСІЗ АУРУ АНЫҚТАЛҒАН

Ақмола облысындағы Ерейментау ауданында Зеңгі баба тұқымынан этиологиясы белгісіз ауру анықталған. Бұл ақпаратпен бөліскен Ветеринария басқармасының мәліметіне қарағанда, ірі қаралардан шыққан дерт клиникалық белгілері бойынша стоматит, инфекциялық ринотрахеитқа ұқсайды.


Ведомствоның хабарлауынша, этиологиясы беймәлім дерт жұқтырған жануарлардың басым көпшілігі Ерейментау ауданының бес елді мекенінде анықталыпты — Ерейментау қаласында, Ақмырза, Еркіншілік, Веренка және Еңбек ауылдарында.

Ерейментау ауданы бойынша 2,5 мың бас ірі қара және 1,7 мың бас ұсақ малдан ауру анықталды. Соның ішінде Еркіншілік ауылында мамырдың 11 күні 2,3 мың бас сиыр және 1,6 мың бас ұсақ түліктен дерт белгілері байқалған. Мал шығыны19бас ірі қара, — делінген хабарламада.

Аса қауіпті дерт жұқтырған мал бастарынан алынған сынамалар «Ветеринария бойынша ұлттық референттік орталыққа» жіберілген. Әзірге індеттің аусыл емес екені белгілі. Мамандар мал бастарынан этиологиясы беймәлім дерт түрі анықталған шаруаларға шикі сүт пен одан жасалған өнімдерді тұтынбауға кеңес береді.

Артқа оралу Келесі жазба