Е. ҚАРАШӨКЕЕВ ҚАНТ ҚЫМБАТТАМАЙТЫНЫНА СЕНІМДІ




Экономистсарапшылар Қазақстанға қымбатшылықтың тағы бір толқыны келе жатқанын айтқанеді. Жаппай баға шарықтауын айтпағанда, тұтас елді дүрліктірген қант құны ендімазаны алмайды екен. Ауыл шаруашылығы министрі Үкімет отырысында осылай депсендірді.


-Жалпы қазір әлемде қант бағасының өсуітенденцияға айналып отыр. Алайда, қазір қант бағасы тұрақты деп айтуға болады.Қазір қай жерге барсаңызда қанттың бағасы 400-500 теңгеден сатылып жатыр. Бұлқанттың жеткізілуіне, биржалық бағаларға байланысты. Бізде 4 зауыт бар, олардыкеректі шикізатпен толық қамтамасыз етіп отырмыз. Мамырда шамамен 32-35 мыңтонна, маусымда шамамен 40-45 мың тонна өнім береді деп күтілуде. Бұлкөлем ішкі нарықты қамтамасыз ету үшін жеткілікті, -деді Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев.

Кейбір дүкендерден500-600 теңгеге сатып алуға болады. Бұл сауда желілеріне де байланысты. Елдеөндірілетін қанттың шамамен 70 пайызы құрақ қантынан өндіріледі. Қант саласындамыту бағдарламасын әзірлеудеміз. Жыл соңына қант бағасының күртқымбаттамайтынын айта аламын, -деді Қарашөкеев.


Ведомство басшысыныңайтуынша, қант бағасы енді күрт өспейді.

Үкімет отырысында қозғалған қордалы мәселелерді бірпарасы жайлы сілтеме арқылы өтіп, біле аласыздар.

youtu.be/TNziAqrwo8Y


Артқа оралу Келесі жазба