«ДИПЛОММЕН АУЫЛҒА»: КОЛЛЕДЖ ТҮЛЕКТЕРІ ДЕ ТАРТЫЛА МА?

Бүгінде еліміздің мал шаруашылығына білікті мамандар, оның ішінде ветеринар, зоотехниктер ауадай қажет. Ірі қала, кенттерді айтпағанда, жас мамандар шалғайдағы елді мекенге жұмысқа барғысы келмейді. Ұтымды шарттары бар «Дипломмен ауылға» бағдарламасының өзімен ЖОО-ның түлектерінің басым бөлігі ауылда еңбектенгісі жоқ. Енді бұл мүмкіндіктің аясы кеңеймек.


Мал шаруашылығын білікті мамандармен, ең алдымен ветеринарлармен және зоотехниктермен кадрлық қамтамасыз етуге назар аудару қажет. Бұл жерде әңгіме жоғары білімі бар мамандар туралы ғана емес, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын колледждер даярлаумен айналысатын орта буын мамандары туралы да болып отыр, — деді Ауыл шаруашылығы министрі Үкімет отырысында.


Бұл дегеніміз, енді «Дипломмен ауылға» бағдарламасының шарапатты мүмкіндіктері колледж түлектеріне де қарастырылмақ. Бірақ бұл әзірге ұсыныс, нақты қашан қолға алынатыны белгісіз.


Артқа оралу Келесі жазба