ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ШЕГІРТКЕГЕ ҚАРСЫ КҮРЕС КҮШЕЙДІ

2022 жылы егістік жердің жауы — Марокко шегірткелері фермерлерге үлкен қауіп төндіруі мүмкін.

Осыған байланысты Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев шаруалардың зиянкестерден зардап шегуінің алдын алу бойынша профилактикалық шараларды күшейтуді тапсырды, деп хабарлайды Malbazar.kz



Атап айтқанда, мамандар 30 мың гектардан астам өнімді жоғары тиімді препараттармен өңдейтін болады.

Түркістан облысының жалпы жер қоры 11,6 миллион гектар болса, оның 4,2 миллион гектары ауыл шаруашылығы жерлері.

1 миллион гектардан астам жер бақылауға алынған. Зиянкестердің химиялық заттарға қарсы иммунитетінің дамуына байланысты мамандар өткен жылдан бастап биологиялық тиімділігі 94 пайызды құрайтын «Энжио» (Швейцария) и «Вантекс» (Дания) препараттарын қолдануда.

Ағымдағы жылы аумақтарды өңдеу жұмыстарына 200-ден астам адам тартылады деп жоспарлануда. Жұмысшылардың басым бөлігі жұмыспен қамту орталықтарынан жіберілетін болады.


Артқа оралу Келесі жазба