БАЙҒАНИН АУДАНЫНДА ҚАПТАП КЕТКЕН БЕЛГІСІЗ ЖӘНДІКТЕР ЕЛДІҢ ҮРЕЙІН АЛДЫ

Қаратүсті құрттар Ақтөбе облысы, Байғанин ауданындағы алқаптарда қаптап кеткен.Жусанның арасында мыңдап кездесетін бунақденелілерді қолмен улап өлтіру мүмкінемес, — дейді жергілікті тұрғындар.


Жусандарды жейтінқұртттар бізді үлкен шығынға қалдырғалы тұр. Өңір халқының бәріне мәлім, Байғанин ауданының көпшілік жерінде өсетін шөп ол жусан. Біздің қысы-жазы бойықара малдарымызға азық болып келе жатыр. Қалған шөптің түрлері жаз айларындакүйіп кетеді. Қалатыны тамыры терең жусан шөп. Сондықтан бізге аса үлкен қауіптөніп тұр. Бұл іс жеке қожалықтардың қолынан келмей тұр. Себебі заң бойыншашегірткелерді улау шарасы бар екен. Ал бүгінгі біз көріп отырған қарақұрттарғазаң шарасыз болып отыр, — «Ақтөбе фермерлік орталығы қауымдастығы» жекекәсіпкер мен заңды тұлғалар бірлестігінің төрағасы Марлен Баймағамбетов.


Бірлестік төрағасыныңайтуынша,қарақұрттың қаптап кеткенітуралы облыс тұрғындары былтырдан бері шу шығарып келеді. АШМ министрлігінежергілікті қожалықтарға қара құрттарды улау шарасын енгізу туралы ұсыныстатастаған. Алайда бір жыл өтседеминистрлік ешқандай шараны қолға алмаған.


Агроөнеркәсіптіккешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы Алмабек Марс өңірге келіпуәде берген болатын. Ол заңға өзгеріс енгізіліп, енді мемлекет алқап жұмыстарынулауға көмектесетінін айтақан еді. Өкінішке қарай бір жыл өтті. Ешқандайөзгеріс жоқ, — дедіМарленБаймағамбетов.

youtube.com/shorts/byf82SegG-o?feature=share

Назад Следующая запись