АЗЫҚ БАЗАСЫ ЖОҚ ШАРУАЛАР СУБСИДИЯДАН ҚАҒЫЛАДЫ

Мал шаруашылығындағы субсидияның әр тиыны енді ақылмен жұмсалмақ. Ол үшін жауапты министрлік субсидиялаудың көптеген бағыттарын жүйелеуді қолға алады. Министр Қарашөкеевтің айтуынша, енді азық базасы жоқ шаруалар мемлекеттік қолдаудан үміттенбесе болады.


Жем-шөп өндірісін дамыту жөніндегі Жол картасында көзделген барлық жоспарланған іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз ету. Мал шаруашылығы бойынша субсидия алушылар үшін субсидиялау тетігін жетілдіру жөніндегі іс-шаралар шеңберінде жем-шөп өндірісі бойынша қуаттардың және ауыспалы егісте жем-шөп алқабының болуы бойынша міндетті талаптар енгізілетін болады. Кепілдендірілген азық базасынсыз жұмыс істейтін мал шаруашылығы субъектілерін мемлекеттік қолдау орынсыз деп санаймыз, — деді Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев.


Бақылаушы органдардың ұсынымдарына сәйкес субсидиялаудың қазіргі көптеген бағыттары жүйелендіріледі және оңтайландырылады. Бұл ретте ғылыми негізделген нормаларды ескере отырып, субсидиялау нормативтері қайта қаралатын болады.


Назад Следующая запись