«ҚАЗСУШАР» - ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЛАЙ СУЫ

Мемлекет басшысы наурыз айындағы жолдамасында Жаңа Қазақстан құру туралы айтқанын баршаға мәлім. Алайда, «Қазсушар» еліміздің су саласына зиянын келтіруді тоқтатпады.

«Қазсушардың» директоры А.А. Елжасов көненің шекпенінен шыға алмай, ескі әдіспен бәрін құлдыратып жүретін басшылардың бірі деуге болады. Болып жатқан былықтарды шешуге асықпағанына қарағанда осы жағдай өзіне тиімді болып тұрған сияқты.

Еңбек жолын 2010 жылы «Қарағанды Су» ЖШС бастаған. Қызметі 2016 жылдан бері өсе бастады. Оған сол кездегі Республикалық су саласының басшысы Қазсушар» орынбасары И. А. Әбішев атты беделді тұлғаның көп көмегі тиді.
И. Әбішев соңғы 2,5 жыл қамауда отырып, біраз ғылым түрлерін зерттеген. Қалай екені белгісіз, мерзімінен ерте босатылып шықты. Ол өзінің қылмыстық былықтарының барлығын дерлік «Қазсушар» мекемесінің жобаларын іске асыру кезінде жасаған.
Тіпті, Елжасовтың қазіргі қызметке тағайындауының өзі тегін емес. Ислам Әлмаханұлы материалдық пайда көруі әбден мүмкін. Сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар болғаны үшін қамауда отырса да, өз командасымен үнемі байланыста болған. Іс-әрекеттерінің жаңа жоспарын құруға жәрдемдесіп отырған.
Елжасов Алтай Аралбайұлының Әбішев командасында жүргелі біраз уақыт өтті. Су шаруашылығын бөлу туралы сәтсіз жобаны іске асырған да осы мырза.
Атап айтсақ, 2018 жылы А. Елжасов қызметі жақсы жүріп жатқан, табысты су жолдарын, тіпті «Қ. Сәтбаев атындағы каналды» бөліп тастауды ұсынды. Осы мақсатын іске асыру үшін И. Әбішев ҚР Үкіметі Қаулысын ұйымдастырды. Нәтижесінде «Нұра топтық су құбыры» мекемесін құрды. Ол шаруашылыққа ауыз су құбырларын біріктірді. Басшысы ретінде А. Елжасовты тағайындады. Екі мекеменің жұмысы бір, «Нұра топтық су құбыры» мекемесінің құрылыс жүргізуге рұқсаты жоқ. Ал Қазсушар құрылысқа қажет қаражатты республикалық бюджеттен алып отырған.
А. Елжасов басқарып отырған «Нұра топтық су құбыры» екі жыл өтер өтпестен 1 млрд теңге қарызға батып, болашағы жоқ мекемеге айналды.
Енді «Нұра топтық су құбырының» қайтарылуы жұмыстары қолға алынып жатыр. Өйткені Қазақстан халқына сапалы ауыз су керек, өйткені ол халық саулығының кепілі. Ал А. Елжасов деген «мықты басқарушы» Қазсушардың бас директоры болып тағайындалды.
«Нұра топтық су құбыры» мекемесінің ақшалай қарыздан бөлек былықтары да жетерлік. Мәселен, балансқа қойылған 500 км құбырдың қайда кеткені белгісіз. Мекеменің балансында сонымен қатар, кеңсе жиһаздары мен техника тіркелген.
«Нұра топтық су құбыры» 3 жыл бойы «білгенін істеп келді». Оның бәрін қаржыландырған «Қазсушар». Елжасов болашағы жоқ мекеменің 40 млн. теңге сыйақыларын өзі мен жақындарына жұмсаған.

«Қазсушарға» басшы ретінде қайтып келген А. Елжасов өзінің әдісі бойынша мекеменің жұмысын қайта артқа тартуды көздеп отыр. Олай жұмыс істесе, өзінің жеке мақсаттары жүзеге асып, байып кетеді емес пе?! Алайда, олай баю заңға қайшы…

Дереккөз: https://t.me/fund_anticorr/870

Артқа оралу Келесі жазба